Әскери колледжде оқып жүргенде бас сүйегінің жартысынан айырылып, көзі көрмей, денесі сал болып қалған Ұлан Мұсаев Түркияға жеткізілді. Анасы әскери басшылардың "Ұлан өзін атқан" дегеніне сенбейді. Тергеу органдары қозғаған қылмыстық іс бірнеше рет тоқтап, қайта жанданғанымен әзірге еш нәтиже жоқ.