28 мамырда Kloop басылымының бірнеше бұрынғы және қазіргі қызметкерін ұлттық қауіпсіздік комитетіне тергеуге алып кетті. Оған қоса журналистердің екі досын да ұстаған. Бірнеше сағаттан соң бес адамды тергеу жайлы жарияламау туралы қолхат алып босатып, екеуін 48 сағатқа ұстап қалды.